Жұма, 14 наурыз, 23:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

14.03.2025

10

0

Құрылтай
Фото: Ақорда

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жиынның алғашқы күнінде айтылған ұсыныстар туралы мәлімет берген еді. 

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық құрылтайдың 4-отырысы аясында Қазақстан тарихының жаңа академиялық басылымы әзірленетінін айтты.

126767b4 dea9 435d 93e8 3f65f56a4fdd

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика