Дүйсенбі, 30 наурыз, 13:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Белсенді азаматтарға марапаттар табысталды

28.03.2026

13

0

660024018 1240894854898423 1210990961267566888 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан азаматтарға, құқық қорғау органдарының, басқармалардың басшыларына, қала, аудан әкімдеріне Президенттің Алғыс хаты мен «Барыс» төсбелгісін табыстады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

656923958 1240894534898455 70391

«Жақында ғана Елордада өткен салтанатты шарада Президентіміз Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталып, Ата заңымыздың мән-мазмұнын жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген Жалпыұлттық коалиция мүшелері мен азаматтарға алғысын білдірді.

Тарихи маңызды шарада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғалар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың арасында сырбойылық жерлестеріміз бар екенін зор мақтанышпен атап өтуіміз қажет.

Бүгін міне, республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан жерлестерімізге Президентіміздің Алғыс хаты мен «Барыс» төсбелгісін табыстаудамыз.

Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр өңірі халқына ыстық ықыласы, жерлестеріміздің еңбекқорлығы мен ұйымшылдығына берген лайықты бағасы. Ерекше қолдау бізді жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.

Ұлттық жаңғыруымыздың жаңа кезеңіндегі референдумды өткізуге белсене қатысқандарыңыз үшін баршаңызға шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін.

Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы істеріміз табысты болсын! Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

657204664 1240894581565117 5605167516201129307 n
659827416 1240894708231771 3537115656035045311 n

Сонымен қатар, ҚР Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы — ректоры Наурызбай Сейтқалиұлы сөз сөйледі.

Еске салайық, 15 наурыз күні ел азаматтары жаңа Конституцияға арналған референдумға белсенді қатысып, мемлекетіміздің келешек тағдырын айқындады.

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент бүкіл халық атынан жаңа Ата заңға, «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Халықтық Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Енді жыл сайын 15 наурызда Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде атап өтіледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика