Жексенбі, 11 мамыр, 05:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аралда шаруашылыққа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыт іске қосылды

10.05.2025

27

0

496298647 990136663307578 3676216153399652725 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданында «Ase Іnvest» тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыттың ашылу рәсімі өтті.

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, аймақтың кәсіпкерлік саласының жаңашылдықтарына тоқталды.

496294965 990136493307595 2835779241062333977 n

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен инвестиция және бизнес саласындағы ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға айрықша назар аударамын. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін бизнесті жүргізу мәселесіне қатысты заң қабылдадық. Қазір мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіріп жатырмыз», – деген болатын. Кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 206 млрд. теңге тартылып, 16 мың 700 жоба қаржыландырылды. Оның 40 млрд. 931 млн теңгесі мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Бүгін «Ase Іnvest» серіктестігі іске қосатын зауытта шаруашылыққа қажетті ұнтақтар шығарылмақ. Жаңа зауыт құтты, жұмыстарыңыз сәтті, табысты болғай!» – деді аймақ басшысы.

Рәсімде Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, жаңашыл бастамаға ұйытқы болған компания өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, зауыт тәулігіне 22 тонна өнім өндіреді. Шығарылған өнімнің 50 пайызы экспортқа бағытталмақ. Жобаның екінші кезеңінде кәсіпорын ылғал майлықтар өндірісін жолға қоюды жоспарлаған. Цех жыл соңына дейін іске қосылады. Жаңа кәсіпорын 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

495577758 990134816641096 2451581295987333483 n
496953252 990136569974254 3111702664393875317 n
496300413 990136523307592 6651660913121302856 n
495764205 990136626640915 3089305674580398211 n
496404969 990136709974240 8685622908383855666 n
496297844 990136743307570 4003522804392786340 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика