Бейсенбі, 25 желтоқсан, 16:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданында автоматты газ тарату стансасы жұмысын бастап, Қамыстыбас елді мекеніне табиғи газ қосылды

23.12.2025

6

0

603849335 1166477699006806 3659836985679390551 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданында автоматты газ тарату стансациясы жұмысын бастап, Қамыстыбас елді мекеніне табиғи газ қосу рәсімі өтті. Оған құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары, облыстық мәслихат төрағасы, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты, көгілдір отын игілігіне қол жеткізген қамыстыбастықтарды құттықтап, инфрақұрылым жеткізу саласындағы жетістіктерге тоқталды.

605704870 1166477669006809 4785535488807415655 n

«Мемлекет басшысы: «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп тапсырған болатын.

Бүгінде мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсатының бірі – ауылдарды дамыту. Үкімет пен облыс әкімдеріне қолдау тетіктерін тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу міндеті жүктелген.

Сыр өңірінде халық саны 845 мың адам болса, оның 447 мыңы, яғни 53 пайызы ауылда тұрады. Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар. «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ауқымды жұмыс атқарылуда», – деді Н.Нәлібаев.

605544511 1166477745673468 1088359818496492720 n

Автоматтандырылған газ тарату станциясы Арал ауданына қарасты 18 елді мекендегі 15 мыңға жуық халыққа кезең-кезеңімен көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді.

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, елдің игілігі үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады.

Қызылорда облысында 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайыз болған еді, 2022-2025 жылдар аралығында 65 млрд. 100 млн. теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды. Осылайша биылғы газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті.

Басқосуда ауданның дамуына елеулі еңбегімен үлес қосқан ел ағалары мен газ құбырын тартқан әрі мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Нұржау Ділмағамбетов бата берді.

Шарадан кейін облыс әкімі ауыл тұрғынының үйіне аялдап, газдың берілуін, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне тигізген оң әсерін көрді.

605162295 1166477705673472 4309163188544829565 n
602368553 1166477909006785 4913743058316272075 n
604940105 1166477755673467 554832006417829367 n
601851938 1166477799006796 3417971746441597984 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика