Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 18:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алмасбек Алматовтың мерейтойына арналған «Жыр керуен» атты шығармашылық кеш өтті

10.03.2026

5

0

649866511 1226520143002561 2240596483426468195 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, жырау Алмасбек Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Жыр керуен» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, жазушы, тарихшы-этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Алмасбек Нұрмаханұлының үзеңгілес әріптестері мен елімізге белгілі шәкірттері, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы мерейтой иесінің төл өнерді өркендетуге қосқан үлесін атап өтіп, барша Сыр жұртшылығының атынан сый-құрмет көрсетіп, автокөлік кілтін тарту етті.

650234363 1226520066335902 6384747859654599136 n

Сондай-ақ кеште Жанарбек Әшімжан өнер қайраткеріне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтауын табыстады.

649407466 1226520186335890 7528112504266116700 n
649881397 1226520306335878 4870780257731912883 n

«Сыр өңірі – талай марғасқа жыраулар мен тума таланттарды өмірге әкелген, жыраулық өнердің түп қазығы, алтын көмбесі, алып тайқазаны саналатын құтты мекен.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші қорытынды отырысында «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі», – деп ерекше атап өткен болатын.

Сыр бойындағы жыраулық өнердің көрнекті өкілі, Сыр сүлейлерінің ізін жалғаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зерттеуші-ғалым, «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмасбек Нұрмаханұлы Алматов мерейлі 70 жасқа толды.

Алмасбек Нұрмаханұлы – дәуір көшінде дара із қалдырған жыр алыптарының мұрагері, Сыр өңіріне ғана тән жыраулық дәстүрдің сабақтастығына айрықша еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ағамыз жастайынан қолына домбыра алып «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» сияқты елге кең тараған дастандарды жырлап, «жас жыршы» атанды.

«Сыр сұлуы» ансамблі құрамынан басталған шығармашылық жолы белгілі жырау, ұлағатты ұстаз, өнер зерттеушісі, ғалым, қоғам қайраткері ретінде биік белестерге шығарды.

Егемендік алған жылдар ішінде ұлттық өнердің бұл түріне ерекше көзқарас қалыптасып, ата-бабаларымыздың асыл қазынасы жарқырай түсті. Алдағы уақытта да ұлттық өнеріміздің шамшырағы болып, келер ұрпаққа рухани мұра сыйлай беріңіз»,– деді Н.Нәлібаев.

Өнер кешінде айтыскер ақын Мұхтар Ниязов мерейтой иесіне арнау айтып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Елшібаева және басқа да ақын-жыршылар өнер көрсетті. Жыраудың өзі «Жыр бастауын» орындады.

649269281 1226520216335887 5914073388787306120 n
649556328 1226520376335871 6398704045488240432 n
650128746 1226520393002536 8070020066558497553 n
650150552 1226520153002560 1403905443621594866 n

Алмасбек Алматов Сыр бойында мақам-саз ерекшеліктеріне қарай жыраулық мектептердің қалыптасуына, атадан балаға мирас болған төл өнерімізді жаңа дәуірге жеткізуге ерен еңбек сіңірді. Жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы, Қазақ ұлттық өнер университетіндегі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі кафедраларда жыршы-жыраулар кәсіби тұрғыда қалыптасты. Дәстүрлі жыр орындаушыларды маман етіп даярлау арқылы өткеннің өзегін бүгін мен ертеңге жалғап, жүздеген шәкірт тәрбиелеп, өнер аламанына қосты. АҚШ, Франция, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Египет, Моңғолия және басқа да шет мемлекеттерде ұлттық мұрамызды ұлықтап, ел мерейін асқақтатты. Бүгінде мерейтой иесі тәрбиелеген шәкірттер халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, еліміздің әр өңірінде жыраулық дәстүрдің алтын арқауын жалғастырып келеді.

Айта кету керек, Алмасбек Алматовтың 70 жас мерейтойы аясында Қорқыт ата атындағы университеттің Студенттер сарайында V томдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі, Қармақшы ауданында «Асыл жырдың Алмасы» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өтуде.

650385792 1226520283002547 3802539911923839279 n
649178206 1226520113002564 1927373192048318103 n
649612732 1226520206335888 7207541537964533130 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика