Бейсенбі, 26 ақпан, 02:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Жедел басқару орталықтарының жұмысымен танысты

25.02.2026

20

0

641503035 1216399460681296 446295811770197976 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев полиция департаменті Жедел басқару орталықтарының және цифрлық технологиялар басқармасы Жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

640915441 1216399424014633 8735293296947791421 n

Қызылорда қаласының Жедел басқару орталығы 2006 жылы құрылған. Кезең-кезеңімен 272 бейнебақылау камерасы орнатылып, жұмыс жасауда.

Аудан орталықтарындағы Жедел басқару орталықтары келіп түсетін ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыру үшін департаменттің 7 аудандық полиция бөліністерінің кезекші бөлімдерінде 2024 жылы құрылды. Оған 2 млрд. 240 млн. теңге бөлініп, 539 бейнебақылау камерасы мен 49 стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, іске қосылды.

Қызылорда қаласына қосымша 1400 бейнебақылау камерасын және 20 мекен-жайға 80 зияткерлік қиылыс, 58 мекен-жайға 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш қондырғы, жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалық жүйе орнатуға және орталықты қайта жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд.теңге бөлініп, келісімшарт жасалды.

Қазіргі таңда бейнебақылау камералары интеграцияланып, толық іске қосу үшін жұмыс жүргізілуде. Стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылар «ЕРАП» жүйесіне қосылып, жұмысын бастап кетті.

Қызылорда облысы бойынша «Көмек-112» және «Көмек-109» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін Бас прокуратураның «Цифрлық қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесімен интеграциялау толық аяқталды.

2021 жылғы қаңтардан бері 112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі 24/7 режимінде 101, 102, 103, 112 шұғыл қызметтердің қоңырауларын қабылдап келеді. «Kөмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 2021-2026 жылдар аралығында 1 263173 қоңырау тіркелген.

2020 жылдан бері Қызылорда қаласында, ал 2023 жылдан бері облыс аумағында 109 бірыңғай нөмірі арқылы коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер қабылданады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 856 549 қоңырау түскен.

Аймақ басшысы бірінші кезектегі басымдық тұрғындардың қауіпсіздігі екенін айтып, орталықтар жұмысын жетілдіруге қатысты тапсырмалар берді.

642253758 1216399494014626 5006495803796327378 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика