Жұма, 23 қаңтар, 04:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт құрылысымен танысты

22.01.2026

16

0

616936886 1188127840175125 8825387642197861603 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары Арал ауданындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт құрылысымен танысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

619149532 1188127890175120 901708219944045185 n

Жоба бастамашысы «Qazaq Camel» ЖШС 392 тонна өнім шығарады деп жоспарлануда. Зауыт құрылысына 3 млрд. теңге қаржы салынған. Оның 1,8 млрд. теңгесі мемлекет қолдауы, яғни жеңілдетілген несие, 1,2 млрд. теңгесі жеке қаражат есебінен. Осы жылдың наурыз айында іске қосылып, 23 адам жұмыспен қамтылады.

616827585 1188127846841791 1087232953208453668 n

Негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен қондырғыларды орнату 90% аяқталған. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы осы жерде шаруа қожалықтары және шағын кәсіп иелерімен кездесіп, бастаған істі дамыту, өнім өндіру мен өңдеуді жолға қою мәселелерін талқылады. Бірінші кезекте сапаға мән беріп, өндіріс көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, өткен жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында 406,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 6,4%-ға өсті. Нақты айтсақ, тамақ өнімдерін өндіру 3,4%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 5,2%-ға, жиһаз өнеркәсібі 43,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 12,4%-ға, химия өнеркәсібі 2,7%-ға, құрылыс индустриясы 4,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 1,7%-ға артты.

616553511 1188127980175111 6042627624245386816 n
618613417 1188128040175105 1094828573475639907 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика