Бейсенбі, 01 қаңтар, 13:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады

31.12.2025

27

0

606013878 1172182518436324 35528

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бас шырша маңына жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат төрағасы, депутаттар, қала әкімі, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы тарих қойнауына кететін ескі жылдың ең маңызды оқиғалары туралы айтып, жаңа жылға жоспарланған бастамаларға тоқталды.

606437890 1172182765102966 1671473956758472517 n

“Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының, ұтымды ұйымдастырудың, бірлесе атқарған жұмыстың арқасында аймағымыз толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен дамып келеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз. Жұмыс бағыты негізінен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуды, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздеді.

Есігімізден еніп, төрімізге қадам басатын жыл да іргелі істеріміздің бастауы, жақсылықтардың жалғасы болсын! Кең байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге құт-берекесін әкелсін деп тілейміз!

Жылқы – жеті қазынамыздың бірі. 2026 жылы қамбамыз қазыналы болып, несібеміз еселене берсін! Қасиетті Сыр жерінің құты мен ырзығы артып, халқына жұғысты болғай!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, туы биік болсын!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ардақты ағайын!”-, деді аймақ басшысы.

Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтарына Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен думанды бағдарлама ұсынылды. Жиналған көпшілікке эстрада әншісі Дана Кентай мен жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама тарту етті.

Салтанатты іс-шара мерекелік отшашумен қорытындыланды.

604845454 1172182675102975 7108923467037723779 n
605637476 1172182331769676 4155563968143781928 n
606437887 1172182435102999 7038426835594650976 n
606743212 1172182461769663 4111860795637817526 n
608869777 1172182321769677 3630837620525394760 n
606666268 1172182581769651 2133901371485698511 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика