Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы перинаталдық орталықта аналармен кездесті

06.03.2026

20

0

646141943 1223619809959261 9215309263337088038 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығындағы жас аналар мен медицина қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

648344352 1223619863292589 2911987562974400345 n

«Халқымызда «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген даналық сөз бар. Ананың ақ сүтімен дарыған мейірім мен мейман көңіл – ұлт рухының өзегі, елдіктің тірегі. Аяулы жанның жүрегінен бастау алған ізгілік қоғамды ізгілендіріп, адамзатты биік мұраттарға жетелейді.

Ана – тіршіліктің шуағы, өмірдің тұтқасы. Оның бір ауыз жылы сөзі – жанға дауа, жанары – балаға бағдар, алақаны тиген жерге береке қонады, батасы дарыған ұрпақтың бағы жанады.

Адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы жан жоқ. Сондықтан да ананы ардақтау– адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз. Әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы болған аналарымызға құрметіміз қашанда шексіз!

Сіздер – мейірім мен махаббаттың, сабыр мен төзімнің символысыздар. Дүниеге сәби әкелу – үлкен ерлік, ұлы жауапкершілік. Сәбидің шат күлкісі мен алаңсыз балалығы – ең алдымен ананың ақ жүрегі мен адал еңбегінің жемісі. Сіздердің әрқайсыларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәбилеріңізге жарқын болашақ тілеймін»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

648057430 1223619816625927 1254133260719339337 n
648767912 1223619893292586 7876353803001938729 n

Басқосуда мереке қарсаңында сәбилі болған аналар мен медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде облыс орталығында 36 млрд 400 млн теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар 45 млрд 800 млн теңгеге 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталықтың, 14 млрд 700 млн теңгеге 500 келушіге арналған емхананың және 9 млрд 800 млн теңгеге Титов кентінде ауысымына 400 келушіге арналған №5 қалалық емхананың құрылыстары басталды.

647063113 1223619853292590 2409946737092820476 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика