Бейсенбі, 01 қаңтар, 14:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы коммуналдық сала қызметкерлерін құттықтады

31.12.2025

26

0

607663930 1172099341777975 1190221705737594773 n

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда тазалығы», «Қызылорда жылу-электр орталығы» мекемелеріне, «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясына арнайы барып, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың жұмыс барысын көрді. Мекемелердің техникалық жағдайымен танысып, сала қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

606058244 1172099568444619 2619006101408546634 n

«Президентіміздің қолдауымен түрік инвесторы «Aksa energy» Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарында инвестор қаржысына іске асқан ірі жобалардың бірі. Жаңа орталықта 240 мегаватт электр қуаты, 277 гигакалория жылу энергиясы өндіріледі. Станция өңірімізді қажетті электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді.

Жаңа 2026 аймағымызды молшылықтың, толайым табыстардың төріне шығаратын жыл болғай! Мерекеде жалпы халық демалғанмен, қаланы жылумен, сумен, жарықпен және тазалықты қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлері жұмыс орнынан табылады. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақ басшысы қала тазалығын сақтау, көркейту саласындағы жұмыстарды жоғары бағалап, тазалықшыларға алғысын білдірді. Электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға үздіксіз жеткізетін мамандарға да адал қызметтері үшін ризашылығын жеткізіп, қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

606562102 1172099578444618 3512343447598850401 n
608552125 1172077345113508 246136847618196154 n

Еске салсақ, қала тұрғындары 3 жылу-энергия көзі арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Қазір орталықта №2 және №3 газтурбиналық қондырғылар, №6 бу қазандығы жұмыс істейді. Оңтүстік қазандықта №1, №2 және №4 бу қазандықтары пайдаланылады. Сонымен қатар, қаланың шағын аудандарындағы 18 автономды қазандық үздіксіз жұмыс атқаруда.

Бүгінде қолданыстағы жылу-электр орталығы 67 мегаватт электр және 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Ал оңтүстік жылу қазандығы қаланың оңтүстік бөлігіне жылу береді. «Bono Energia» маркалы бу қазандықтарын жаңғыртудың негізгі жұмыстары толық аяқталып, бір қазандық іске қосылды. Қалған екі қазандықты қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында сағатына 37 гигакалория жылу энергиясы өндіріліп, қала тұрғындары жылумен тұрақты қамтамасыз етіледі.

605703486 1172077121780197 7791949088668877056 n
605542698 1172099475111295 394272406321998102 n

Бүгінде «Қызылорда тазалығы» мекемесінің 270 жұмысшысы, 57 арнайы техникасы қала тазалығына күнделікті жұмылдырылады. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Қызылорда республикадағы ең таза қалалардың бірі ретінде танылды.

608582933 1172077235113519 6799807834578856181 n
606337496 1172077135113529 5525946185942972171 n

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр энергиясын тарату, желілерді және қосалқы станцияларды пайдалану қызметімен айналысады. Компанияда 1 450 адам еңбек етеді. Облыс аумағындағы әуе желілері мен қосалқы станцияларға жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Барлық ауданда жылу маусымына қажетті апаттық қор жинақталған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика