Жұма, 04 қазан, 17:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Сыр медиа» академиясы

2018 жылы «Сыр медиа» ЖШС жанынан «Сыр медиа» академиясы құрылды. Академия тек серіктестікке қарасты емес, Қызылорда облысындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатын көздейді. Академия жоспарының аясында халықаралық, республикалық деңгейде танымал, қазақ журналистикасының дамуына еңбек сіңірген қаламгер-қайраткерлердің, журналистер мен публицистердің, медиамаркетологтар мен медиаменеджерлердің, кәсіби блогерлердің, білікті баспасөз дизайнерлерінің шеберлік дәрісі ұйымдастырылып келеді. Жалпы, серіктестік шығармашылық жұмысты дамыту, басылымдар мен сайттардың тақырыптық-мазмұндық сапасын арттыру мақсатында ұдайы жаңа бастамаларды іске асырады.

Яндекс.Метрика