Сейсенбі, 26 қараша, 11:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

10.08.2022

454

0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Саберді қабылдады.
Кездесу барысында Иран мемлекетімен ынтымақтастықты кеңейту және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Биыл екі ел арасындағы ашық және сенімді дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Иран Республикасы әлемдегі ең ірі жүгері импорттаушы мемлекеттердің бірі ретінде жыл сайын шамамен 4 млн. тонна жүгеріні сырттан сатып алуда. Осы ретте, облыс аумағында ирандық әріптестермен бірлесіп жүгері өсіру және Иранға экспорттау мәселелері талқыланды.

Бұған қоса, нарықты ішкі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ирандық тәжірибемен жеміс-жидек және көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешендерін салу мүмкіндіктері де айтылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ирандық кәсіпорындарды мал өсіру және ет өндеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырып, ашық әрі тиімді байланыс орнатуға дайын екендігін жеткізді.
Кездесу соңында облыс әкімі Иран Ислам Республикасының Елшісіне екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика