Сейсенбі, 26 қараша, 21:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қала әкімі кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдады

29.07.2022

471

0

Қала әкімінің бастамасымен әр ай сайын «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменовтың қабылдауына келген кәсіпті жаңадан бастаушы азаматтар бизнес жоспар әзірлеу, мемлекеттік грант алуға үміткер болу сынды сұрақтарымен жүгінсе, кәсібін кеңейтуді мақсат еткендер қосымша қолдаулар, жер телімі, ғимаратты жалға алу, әкімшілік кедергілерді жою жайын талқылады.

Кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы қаланың дамуына жол ашатын тың, жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Жалпы, қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 3,9 млрд.теңгені құрайтын 93 жоба қолдау тапса, қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша құны 11 млн.теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы мемлекеттік грантқа ие болды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика