Сейсенбі, 26 қараша, 16:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорған ауданында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

20.07.2022

575

0

Жаңақорған ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, биыл 27 507 шаршы метр болатын тұрғын үйлер аудан халқының игілігіне берілді. Сонымен қатар, ауданда маңызды деп танылатын әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарға сәйкес орындалуда.

«Биыл Жаңақорған кентінде 600 орындық мектеп пен МАИ бекетінде 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Ал Бірлік елді мекенінде 90 орындық балабақша және Өзгент, Жайылма ауылдық округтерінде 150 орындық клубтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Саяжай-1» мөлтек ауданында 300 гектар жерге инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленбек. Аталған жоба аясында 1500 аудан тұрғыны жер учаскесімен қамтамасыз етілетін болады», – деді Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов.

Брифинг барысында аудандағы жолдың жайы да айтылды. Бүгінде аудандық маңызы бар жолдың қанағаттанарлық деңгейі 87 пайызға, елді мекендердегі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 51 пайызға жетті.

«Биыл барлық маңыздағы жолдарды жөндеуге тиісті қаржы қарастырылды. Ауданға қарасты Екпінді және Ақжол елді-мекеніндегі 2 көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика