Бейсенбі, 21 қараша, 22:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңіріне келетін туристер саны артып келеді

15.11.2024

143

0

Сыр өңіріне келетін туристер саны артып келеді
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл өңірдегі туристік әлеуетті арттыру мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылданып, ауқымды жұмыстар жоспарланды. Облыстағы туристік қызмет көрсету көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға артты.

Сондай-ақ, өңірге 67 мың турис келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаев мәлімдеді.

– Биыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланып, наурыз айында Пекин қаласында туризм жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған шарада жергілікті туристік операторлар мен тұрғындардың өңірдегі «Байқоңыр» ғарыш айлағына қызығушылық жоғары екендігі байқалды. Осы ретте, жауапты басқарма тарапынан «Қазақтуризм» АҚ бірлесіп, қытайлық, отандық туроператорларымен келіссөздер жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде, «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағынан ыңғайлы туристік бағыттар таңдалып, ортақ туристік пакет әзірлеуге келісім жасалды. Осыған сәйкес, министрлікпен арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, осы жылдың қараша айында өңірімізге ғарыштық туризм бағытында тақырыптық апта өткізілетін болады. Бұдан бөлек, осы жылдың сәуір айында Еуроодақ елшілері Сыр өңіріне арнайы келіп, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, экотуризм бағытында Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне, Кіші Арал теңізіне барып ондағы сексеуіл егіліп жатқан аумақты тамашалады. Сонымен қатар, Қытай мемлекетінен келген инвесторлар Шижаға елдімекеніндегі құмды төбелерде болып, оның туристік әлеуетін көрді. Бүгінде Өңірдің туристік мүмкіндіктеріне арналған «OrdaTourism» атауымен Instagram, ТІК-ТОК әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар ашылып, туризм бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы деректер мен өңірдің туристік дестинациялары туралы ақпараттар жариялануда, – деді Жұлдызхан Ерқосаев.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында өңірлік туристік сайт әзірленуде. Бұл сайт арқылы тамыры тереңге жайылған Сыр өңірінің тарихы мен облыс туралы қызықты ақпараттар жарияланбақ.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика