Бейсенбі, 21 қараша, 18:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Премьер-министр оқушылар сарайына барды

13.11.2024

114

0

Премьер министр оқушылар сарайына барды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қызылорда облысының орталығындағы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты.

Жеке инвестиция есебінен салынған жаңа Оқушылар сарайы биыл қазан айында пайдалануға берілді. Жобаның құны – 2,4 млрд теңгені құрайды. 350 адамға дейін сыятын әлеуметтік нысан әртүрлі жастағы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін, гидропоника, робототехника, өнеркәсіптік дизайн, телестудия сынды басқа да жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мұнда Премьер-министрге Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде Қызылорда облысында кәсіптік-техникалық білім беру және кадрлар даярлау жүйесін трансформациялау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Өңірде 28 колледж жұмыс істейді, онда бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның 5 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды.

2024-2025 оқу жылында облыстың барлық аудандарында 7 оқу-өндірістік комбинаты ашылды. Қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстары 300-ге жуық адамды қамтыды. Алғашқы комбинат 2022 жылы қалалық мектеп-лицей базасында ашылған. Аспаз, тігінші, графикалық дизайнер және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша 164 маман бітірді. Алдағы уақытта тәжірибені кеңейту жоспарланып отыр.

Премьер-министр оқушылар сарайына барды 1.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика