Сейсенбі, 26 қараша, 16:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жоғалған 13 жасар бала табылды

02.02.2022

389

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 13 жасар бала 1 ақпан күні түскі 14:30 шамасында мектептен шығып, үйіне оралмаған.

Баланың ата-анасы алдымен өздері іздеген. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермегендіктен олар полицияға жүгінген.

Іздестіру барысында тұрғындардан, таныстардан, көршілерден – баланың қайда екенін білетіндердің барлығынан сұрастыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, баланың мектептен шығып, қоғамдық көлікке отырғаны және ұялы телефонын жоғалтып алғаны белгілі болды.​ Ұялы телефонының жоғалғандығы жайлы ата-анасына қалай айтарын білмей көше кезіп жүре берген.

Түнгі сағат 01:40-та полиция қызметкерлері баланы қала көшелерінің бірінен тауып, ата-анасына тапсырған. Баланың жақындары тиянақты әрі жылдам жұмыс атқарғандары үшін полиция қызметкелеріне алғыс айтты.​

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика