Сейсенбі, 26 қараша, 14:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық кәсіпкер 60 түлекті жұмысқа орналастырды

02.02.2022

371

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов бітіруші түлектермен, оқытушылар және жұмыссыз жастармен кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндірме берді. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары мен сала басшылары жастарды жеке қабылдап, ұсыныстарын назарға алды.

Жастар жетістіктерге өзі еңбектенудің, өзі ізденудің нәтижесінде қол жеткізе алады. Алайда, жұмысқа қабілетті жастардың бірқатары жұмыссыз атанып, ал кейбірі тұрақты емес жұмысқа орналасады. Бүгінгі кездесу алған білімдеріңіздің нәтижесін көру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды өздеріңізге жеткізу және арнайы сала мамандарымен еркін сұхбат құру мақсатында ұйымдастырылуда, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Шара барысында «Зерде» интеллектуалды мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев 60 түлекке жұмысқа орналасуға жолдама беріп, еңбек кітапшаларын табыстады.

Айта кету керек, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы алдағы уақытта қала және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика