Республикалық референдумға 4 күн қалды.Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.
https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.
Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.
– Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты, – дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.
Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген.
№198 РУ – №5 мектеп-лицей
№250 РУ – №261 орта мектеп
№189 РУ – №136 мектеп-лицей
№264 РУ – №264 мектеп-лицей
№347 РУ – №271 орта мектеп
Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz