Сенбі, 21 қыркүйек, 08:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«KITAP time» фестивалі өтті

20.09.2024

92

0

«KITAP time» фестивалі өтті

Бүгін Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ІІІ жалпыреспубликалық  «KITAP time» фестивалі өткізілді. Фестивальдің мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, мәдени құндылықтарымызды көпшілік оқырманға насихаттау.

Шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы құттықтау сөзбен ашты. Одан кейін кітапхананың тұрақты және белсенді оқырмандарына Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызының  «Кітапхана лидері», «Ең көп кітап оқыған оқушы», «Абонемент көшбасшысы», «Оқу залының көшбасшысы» номинациялы алғыс хаттары табысталды.

Фестиваль аясында шара қонақтарына «Поэзия  — сөз өнерінің алтын тәжі» тақырыбына поэзия кеші, интеллектуалды дамудың көзі болып табылатын кітапқа деген қызығушылықты оятуға бағытталған «Кітаппен жарқын әлемге» тренинг сағаты, «Ертегілер әлемі» атты ертегі кейіпкерлерінің шеруі, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы А.Жолтерек және газет ұжымымен кездесу, «Қазақтың Ақбаяны» атанған күміс көмей әнші М. Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына арналған  ән кеші, «Кітап және кино әлемі» атты  кино-ойын, шығармалар желісі бойынша сұрақтардан әдеби-библио бар, «Жаңа заман әдебиеті»кітап көрмесі, «Білім сандығы» атты ұмыт бола бастаған әдебиеттерден  кітап көрмесі мен ретро бұйымдардан көрме дайындалды.

Шараға зиялы қауым мен баспасөз өкілдері, қаламгерлер, ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары, кітапхана мамандары мен оқырмандар, барлығы 480 адам қатысты.

кітап 2.jpg
кітап 4.jpg
кітап 5.jpg
кітап.jpg
кітап 1.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика