Жұма, 22 қараша, 23:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сайлау: 485 азамат үйден дауыс беруге өтініш қалдырған

15.09.2024

126

0

Сайлау: 485 азамат үйден дауыс беруге өтініш қалдырған

Шиелі ауданы әкімінің сайлауында дауыс беруші мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Барлық 40 учаскеде дауыс беру кабиналары жабдықталып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылды. 
Аудан бойынша сайлауға қатысатын 237 мүгедектігі бар азамат бар. Көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиома-териалдар мен трафареттер қойылған. 
Ал, қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін бірнеше инватакси қызмет етеді. 
Аудан әкімі сайлауында 388 азамат тасымалдан жәшік арқылы дауыс беруге өтініш жазған. 
Мұнан бөлек, 8 ауылдық округте өтіп жатқан сайлау процесінде 97 азамат тасымалданатын жәшік арқылы дауыс беруге өтініш қалдырған. Оның 50-і Арал, 16-ы Қазалы, 19-ы Қармақшы, 5-і Жалағаш, 7-і Шиелі ауданында. 
Еске салайық, Шиелі ауданы әкім сайлауына 50701 сайлаушы тіркелген. Ал, 8 ауылдық округ бойынша 5880 сайлаушының дауыс беруге құқығы бар.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика