Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы жобалардың іске асырылу барысы, басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Жауапты басқарма басшылары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы баяндады. Аймақ басшысы жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізілуін қатаң қадағалауды ескертті. Әсіресе,«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы білім ордаларын уақытылы аяқтап, қолданысқа беру маңызды.
Мұнан бөлек, жиында «Артспорт» бағдарламасына мониторинг жүргізу, тазалық және көркейту- көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері талқыланды.
Мәжіліс соңында Нұрлыбек Машбекұлы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz