Сейсенбі, 26 қараша, 14:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада 4 өнімнің бағасы жоғарылады

01.02.2022

364

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде 4 өнімінің бағасы жоғарылады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

«Қазіргі таңда сәбіз-1,3 пайызға, пияз-5,3 пайызға, қырыққабат-7,7 пайызға, картоп-2,7 пайызға қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы арзандап, қалған 14 өнімнің бағасы бірқалыпты. Бір апта ішінде облыс бойынша ӘМАТ индексі 100,1% құрады. Аймақта баға тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Өнім қорларын қалыптапстыру мақсатында облыстық бюджеттен соңғы екі жылда (2020-2022) 3,4 млрд. теңге бөлініп отыр», – дейді Талғат Дүйсебаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1396,9 тонна өнім бар.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика