Сенбі, 23 қараша, 04:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

05.09.2024

456

0

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Қызылорда облысы көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

Іс шараның 3 күнінде тәртіп сақшылары 25 қылмыс ашты. 

Сонымен қатар, 785 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі  бойынша ұсақ бұзақылық ҚР ӘҚБтК-нің /434 бабы/- 15, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу /440/-86, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі /442/-77, түнгі тыныштықты бұзу бойынша (437-бабы) — 51 дерек анықталған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізушілердің көлік құралын мас күйінде жүргізу /608 бабы/-17, көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргізушілер/612/3 бабы/-4дерек анықталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жіберілді.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алуға бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы департамент бастығының қатаң бақылауында. 
 451999750_465309189570730_6153883674864761419_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика