Сенбі, 23 қараша, 09:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жастар істері жөніндегі кеңес

08.08.2024

148

0

Жастар істері жөніндегі кеңес
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі  кеңестің отырысы өтті.

Жиында облыс әкімі, кеңес төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және жұмыссыз жастар санын азайту бағытында аймақта атқарылған істер есебі тыңдалды.

Кеңес отырысына қатысқан жастар ұйымдары өкілдері мен басқа да сала мамандарының ұсыныстарын негізге алып жүйелі іс-шаралар атқару қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика