Сенбі, 23 қараша, 08:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалпығы бірдей декларациялау: ІІІ кезеңнің қорытындысы қандай?

31.07.2024

135

0

Жалпығы бірдей декларациялау: ІІІ кезеңнің қорытындысы қандай?
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялауға 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшеді. 2021 жылы басталған міндеттеменің үшінші кезеңі басталады. Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары белгіленген тәртіп бойынша өздері жайлы толық мәліметті ұсынулары тиіс. Декларациялаудың үшінші кезеңінің қорытындысын Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Елшібеков мәлімдеді.

— Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсына бастады. 2024 жылы Декларацияны 86 304 мың жеке тұлға табыстауы қажет. Биылғы жылдың басынан бастап 53 285 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 62 пайызы декларацияны тапсырды. Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін екенін ескертеміз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын-ала табыстауды ұсынамыз. Декларация тұрғылықты тіркелген жері бойынша ұсынылады,-деді Еркін Кеңесбекұлы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика