Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаевпен бірге Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бас мердігер «УАД» ЖШС 3,3 шақырымдық 4 жолақты көшеге жаяу жүргіншілер жолын салып, жарықшамдар орнатады. Мамыр айында басталған жұмыс қазан айына дейін жалғаспақ.
Облыс әкімі жаңғырту жұмыстарының ең басты талабы сапа мен мерзім екенін қаперге салды. Барлық жұмысты жоспарға сай орындап, межелі уақытта пайдалануға беруді тапсырды.
Айта кетейік, биыл қала көшелерін, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 12,7 млрд. теңге қаралды. «Қорқыт Ата» әуежайының аумағын көркейту, қала, кент пен ауылдық округтердің 75 көшесіне жарық бағаналарын орнату, 59 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz