Жексенбі, 24 қараша, 03:00

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстық мәслихаттың XVI сессиясы өтті

24.07.2024

161

0

Облыстық мәслихаттың XVI сессиясы өтті
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Оған облыс әкiмi Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық басқармалар және аумақтық инспекциялардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері, мәслихат төрағалары және активі бейнебайланыс жүйесі арқылы қосылды.

Бүгінгі сессияда өткен 6 айдың қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілгені айтылды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісі 5 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 37,5, ауыл шаруашылығы 4, құрылыс жұмыстарының көлемі 35,6, тұрғын үй 3,7, көлік 3,4, сауда 3,6 пайыз артты.

Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың қыркүйек айынан бері оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Саладағы өсу қарқыны бойынша 2022 жылы Қызылорда облысы республикада 11-орында болған еді. Өткен жылдан бері алғашқы үштікте.

Аймақ басшысы әр саладағы жетістіктерге тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы айтты.

«Шетелдік инвесторлардың өңірде жұмыс істеуіне қолайлы климат қалыптасқандықтан, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылдың 6 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 41,4 пайыз артты.

Кәсіпкерлікті қолдауға соңғы 2 жылда (2022-2023 жж.) 127 млрд. 500 млн. теңге тартылып, 12 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Оның 25 млрд. 100 млн. теңгесі мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Биыл екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылады.

Ауыл шаруашылығы саласына соңғы 2 жылда 20 млрд. 300 млн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 6 айда саладағы негізгі капиталға 3 млрд. 300 млн. теңге инвестиция салынды.

Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 34 млрд. 100 млн. теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.

Биыл аймақта 43 млрд. теңгеге 300 шақырымнан астам жол жөнделеді. Жыл аяғына дейін жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 92 пайыздан асады.

Электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 6 пайыздан 62 пайызға төмендейді.

Тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жеткізіледі. Облыс халқының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

– Құрметті депутаттар! Өздеріңізбен бірге аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да атқарар жұмыс ауқымы зор. Өздеріңізбен бірлесіп, Тәуелсіз еліміздің, аймағымыздың дамуы жолында қызмет ете берейік! — деді Н.Нәлібаев.

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектептің, «Білімді қолдау қоры» есебінен дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернаттың құрылысы жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен 8 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.

«ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен бой көтерген 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы іске қосылады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылысы басталып, Шығармашылық академиясы салынуда.

Облыстық мәслихаттың бүгінгі сессиясының қарауына 2024 жылға арналған облыстық бюджетті кезекті нақтылау ұсынылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика