Сейсенбі, 26 қараша, 12:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада тұрақты комиссияның төрағасы сайланды

01.02.2022

404

0

Kyzylorda-news.kz. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 11 сессиясы өтті. Сессияға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов төрағалық етті. Күн тәртібінде «Қызылорда облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын және төрағаларын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды.

Наурызбай Байқадамов 2021 жылғы 30 маусымда ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына өзгерістер енгізілгенін еске салып, Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына Талғат Жақыпбаевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Талғат Жақыпбаев өмір жолын 1997 жылдан қаржы саласында жұмысын бастаған. Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің кірісті бағдарлау және талдау бөлімінің экономисті, облыстық қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің экономисті, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының экономикалық талдау және өңірлік даму бағдарламаларының мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысы әкімі аппараты, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директорының орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, «Байқоңыр» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып, қаржы саласы бойынша жауапты қызметтер атқарып келген.

Сонымен қатар жиында облыстық мәслихат депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Бисенов «Жаңа Қазақстан» қағидатына сәйкес депуттаттық құзыретке өзгерістер енгізіп, әлеуметтік сұрақтарға басымдық беру қажет екенін айтты. Ал, облыстық мәслихат депутаты, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа депутат халық пен биліктің ортасында алтын көпір екенін атап өтіп, фракция жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Мұнымен қоса, белгілі ақын, журналист, облыстық мәслихаттың депутаты, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов Талғат Жақыпбаевты қаржы саласының білікті маманы, экономист ретінде, лайықты кандидатура екенін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика