Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында су тасқыны жағдайының күрделенуіне орай авариялық-құтқару жұмыстарын атқару мақсатында Қызылорда облысы ТЖД күш-құралдары (құрамында 30 жеке құрам адамы, 2 техника, 10 мотопомпа, 4 жүзу құралы-қайық), Апаттар медицинасы орталығының филиалы (3 қызметкер, 1 техника) 2024 жылғы 11 сәуірде сағат 13:00 минутта Орал өңіріне қарай жолға шықты.
Топ жетекшісі: Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Базарбек Қадыржан Мейрамбекұлы.
Қызылорда облысы ТЖД
Дереккөз: syrboyi.kz