Жұма, 22 қараша, 14:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылша: Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қалай?

16.01.2024

297

0

Қызылша: Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қалай?

Өткен жылы Қызылорда қаласында қызылшамен ауырған 1266 науқас тіркелген. 14 жасқа дейінгі балалар саны – 1111. Бұл туралы Қызылорда қалалық санитариярық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова хабарлады.

Жыл басынан бері қызылшамен ауырған 130 науқас тіркелді. Оның басым бөлігі (90,0%) 14 жасқа дейінгі балалар. Айта кету керек, қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар жүргізіліп келеді. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі — ауруға қарсы екпе алмаған жандар. Сондықтан аурудың алдын алып, уақытылы екпе қабылдаған жөн, — деді Гүлмира Сыздықова.

Брифинг барысында Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бөлім басшысы Айгүл Төлегенова екпе егу шараларына тоқталып өтті. Бүгінде 1 жастағы 9264 және 6 жастағы 8292 балалар қызылшаға қарсы профилактикалық екпелермен қамтылды. Ендігі ретте, 6 айдан бастап 10 айға дейінгі және 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қазіргі таңда осы санаттағы 23 767 бала екпемен қамтылды. 6-10 ай аралығындағы балалардың 2 106-сы, 2-4 жас аралығындағы балалардың 17 776-сы егілген.

Вакцинациялаудан бас тарту түрлі инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін. Соған байланысты ата-аналардан сұрайтынымыз, вакцинациялау арқылы балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, — деп толықтырды Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Алиева.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика