Kyzylorda-news.kz. Суық антициклон еліміздің шығыс, солтүстік өңірлерінің күн райына ықпал етеді. Мұнда күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байлагысты күн райы құбылмалы болады. Жауын жауып, көктайғақ болып, жел күшейеі. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола, Алматы облыстарының оңтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы, тау бөктері аудандарында, Қызылорда орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман түседі, Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.