Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жаңа заңға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Өнеркәсіптік саясат туралы».