Сейсенбі, 26 қараша, 08:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: 14078 адамға «Pfizer» вакцинасы салынды

27.12.2021

403

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы санитарлық эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталығына байланысты «жасыл аймақта». Дегенмен сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте. Індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 19422 науқас тіркелді.

«Өткен тәулікте 2 жағдай анықталды. Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 51, реанимациялық төсек-орында 6 науқас ем қабылдап жатыр. Індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакцинация. 1 ақпан мен 27 желтоқсан аралығында облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 415538, халықтың қамтылуы 91,8 пайызды құрады. Екінші компонентті – 380740 (84,1 пайыз) адам салдырды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.

14078 адамға «Рfizer» вакцинасы егілді. Оның 11325-і жасөспірім, 1264-і жүкті әйелдер, емізулі аналар-1488. Сонымен қатар бүгінге дейін өңірдің 16488 тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика