Сейсенбі, 26 қараша, 09:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беріледі

27.12.2021

405

0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан бос уақытта қосымша пайда табуға рұқсат беріледі. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгінде ондай норма жоқ. Бірақ болашақта оны заңға кіргізуді ойластырып жатырмыз. Мысалы, жұмыстан бос уақытта айналыса алады. Дәл қазір заңнамада жоқ. Бірақ оны дайындап жатырмыз. Неге біз оларға қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз?», – деді Жайылғанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда тілшілер нақты қандай қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат берілетінін сұрады.

«Жоқ, кәсіпкерлікпен емес. Қосымша басқа да жұмыстар болады ғой. Мысалы, жұмыстан бос уақытта такси жүргізуші болып жұмыс істегісі келеді. Отбасыны асырауға қосымша қаражат қажет болса, соған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгерістерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды», – деп нақтылады Жайылғанова.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика