Дүйсенбі, 25 қараша, 18:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Денсаулық: Қызылордада 21 нысанның құрылысы басталды

17.11.2023

284

0

oljas_ysqaqov

Қызылорда облысында жалпы құны 47,6 миллиард теңгені құрайтын денсаулық сақтау саласындағы 21 нысанының құрылысы басталды. Оның ішінде, 15 нысан Ұлттық жоба аясында, 2 нысан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде, 2 нысан республикалық бюджет есебінен, 2 нысан жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. 

«Ұлттық жоба аясында 2024 жылы іске асырылатын дәрігерлік 9 амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік 2 бекет құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 39,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізілетін болады. Сондай-ақ, 2024 жылы заманауи перинаталдық орталық құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 2025 жылы республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 200 келушіге арналған орталықтың құрылысын бастау қолға алынады», — деді өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстың бас дәрігері Олжас Искаков.

Сонымен қатар, 12 денсаулық сақтау нысанына қосымша құрылыс, блок арқылы қайта жаңғырту, ғимаратты реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Шамамен жобалар құны 16,4 миллиард теңгені құрайды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика