Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау комиссиясының Төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыстарына мониторинг жасады.
Комиссия алдымен Қызылорда қаласының сол жағалауында VI-санатты жылына 5000-10000 донацияға арналған облыстық қан орталығы құрылысын көрді.
Қан орталығына сол жағалаудан 2,3 га бөлінген. Жобаның жалпы құны — 2,9 млрд теңгені құрайды. Қаржы республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаралып отыр. Құрылыс жұмыстарын «Дәнекер Құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 65 % орындалып отыр. Келісім бойынша нысан 2024 жылы қолданысқа беріледі. Мердігер мекеме басшылығы жоспарға сәйкес аяқтап, тапсырамыз деп отыр.
Әрине, мониторинг мақсаты құрылыс сапасы болғандықтан партиялық бақылау тобы сапаға қатты мән беру керектігін назарға салды.
Мониторинг жұмыстары әрі қарай Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысында жалғасты. Бұл нысан құрылысын «Бақ-Береке 2030» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы абаттандыру жұмыстары, ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 50 пайызға аяқталған.
Жалпы «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 2023-2024 жылдары 27 денсаулық сақтау нысанын салуға ықпал етуді көздеген болатын. 15 дәрігерлік амбулатория құрылысы ағымдағы жылы жүруде.
Мұнан соң партиялық бақылау тобы Қызылорда қаласында салынып жатқан мәдени кешен «Өнер ордасы» құрылысында көрді.