Жұма, 22 қараша, 06:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысына 386,4 млрд теңге инвестиция тартылды

16.11.2023

338

0

investicziya

Аймақта шағын және орта кәсіпкерлердің саны 12,6 пайызға артқан. Мемлекеттік қаржылай қолдаулардың көмегімен облыста біршама шағын өндіріс және қызмет көрсету орындары іске қосылды. Осы және де өзге де жаңалықтармен қатар, басқарманың 10 айлық қорытындысы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Каюпов айтты.

 Осы уақытқа дейін кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 124 376 адамға жетті. Бұл облыстың экономикалық белсенді халықтың 35,8 пайызын құрады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын және орта кәсіпкерлікпен 300,6 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Биылғы жылы 42 млрд. теңгеге 3,5 мыңнан аса жоба қаржыландырылды, — деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Биғалиұлы.

Инвестиция тарту игілікті арттырады. Биылдың өзінде облысқа 386,4 млрд теңге инцестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 95,5 млрд теңгеге, яғни 27,7 % — ға артқанын көрсетеді. 

 «Биыл облысқа 424,2 млрд инвестиция тарту индикаторы бекітілді. Инвесторлар және демеушілер есебінен жүзеге асырылатын жобалармен 45 млрд теңгедей қосымша резервтер анықтады. Сондықтан, облыс ішінде индикаторды 10 пайыздық өсіммен орындап, алдағы уақытта 472 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда,» — деді Азамат Биғалиұлы.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика