Жексенбі, 24 қараша, 19:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қамбарбек Мүбараков: Республика көлемінде қаржы игеру бойынша бірінші орынға тұрақтадық

15.11.2023

351

0

qarjy

Еліміздің Тәуелсіздік тұғыры беки түскеннен кейін ел экономикасында елеулі өзгерістер орын алды. 1993 жылдың 12 қарашасында  «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­тасын енгізу туралы» Заңына қол қою басталды. Араға үш күн салып, ел ішінде жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде теңге қол­да­нысқа енді. Осылайша, ұлттық валютаның қолданыста барына биыл 30 жыл толып отыр. Осы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков айтты.

— Теңгенің қолданысқа енуі экономикалық және саяси тұрақтылыққа әкелген маңызды жетістік. Бұл елдің тәуелсіздігін, егемендігін нықтаған қадам болды. Биыл экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша облыста оң динамика қалыптасып, республика көлемінде қаржы игеру бойынша 1-ші орынға тұрақтадық. Жақында облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің әлеуметтік -экономикалық дамуына жоғары бағасын берді. Облыстың қаржы қазандығында 1993 жылы бар болғаны 135 миллион теңге, қаржыгерлердің біліктілігі мен еңбегінің нәтижесінде жыл өте еселеніп, биыл 609 миллиард теңгеге жетті. Облыстың даму бюджетіні көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты, — деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика