Сейсенбі, 26 қараша, 14:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қайырымдылық керуені» республикалық  байқауы өткізілуде

29.10.2023

273

0

Игі іс пен қол ұшын созатын жандарды анықтауға, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға арналған «Қайырымдылық керуені» республикалық  байқауы биыл алтыншы рет өткізілуде.

Аталған байқаудың негізгі бағыты — ел дамуына үлес қосқан қамқор жандар мен елжанды азаматтарды, меценаттарды анықтау болып табылады. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Гүлнұр Жолдыбаева қайырымдылық шарасының негізгі мақсатына тоқталып өтті.

— Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асыратын додаға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Қайырымдылық шарасына «Асар» , «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» номинациялары бойынша өтініш қабылданады. Байқауға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады. Байқау жеңімпаздары ақпан айының соңында немесе Алғыс айту күніне орай белгілі болады,  — деді Гүлнұр Жолдыбаева.  

Айта кетейік, 2022 жылы “Қайырымдылық керуені” байқауына 78 өтініш түсіп, 35 қатысушы республикалық байқауға жолдама алды.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика