Жексенбі, 24 қараша, 01:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Костенко шахтасында қаза болғандар саны 45-ке жетті

29.10.2023

292

0

Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысының Костенко шахтасында қаза тапғандар саны 45-ке жетті деп хабарлайды Kazinform ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:– шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;– желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты.

Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика