Сейсенбі, 26 қараша, 13:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Костенко атындағы шахтада 32 кенші қаза болғаны анықталды

28.10.2023

413

0

Соңғы мәліметтерге сай, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 32 кеншінің опат болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Санаулы уақыт бұрын ғана 28 кеншінің денесі табылып, 18 адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді. Өкінішке қарай, құрбан болған кеншілер саны сәт санап артуда.

Дәл қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасындағы апаттан кейін 14 адам табылмай жатыр. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір депратаментінің персонал жөніндегі директоры Еркебұлан Мұқанов айтты.

«Қазір шахтада 32 адам қаза болғаны анықталды. Бір сағат бұрынғы мәлімет бойынша 6 адамның денесі шығарылды. 14 адамды іздестіру жалғасып жатыр», — деді Е. Мұқанов Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика