Дүйсенбі, 25 қараша, 08:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биыл Қызылорда облысында 3342 гектар бақшалық жер дайындалды

14.07.2023

241

0

Биыл Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін өңірде 3342 гектар жер арнайы дайындалды.

Оның 3282 гектарына, атап айтқанда, 1021 гектарына картоп , 866 гектарына көкөніс, 1395 гектарына бақша дақылдары егілді.
Тұрғындар қосымша жер дайындауды сұрап, егін егуге ынтасын білдіруде. Бұл бақшалық жер дайындаудың шаруаға қолайлы, тұрмыс сапасын арттыруға оң әсер еткенін көрсетеді.

Осы ретте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына алдағы уақытта бақшалық жерді жергілікті халықтың сұранысына сәйкес жоспарлап дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, дақылдардың нақты су тұтыну нормасына сәйкес су беру кестесін шаруалармен келісіп жасау керек. Тиісті басшыларға егінге су беруді үйлестіріп, жиын-терімге дейін барлық жұмыстарға тұрақты бақылау жасау жүктелді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика