Жұма, 22 қараша, 13:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақта агроөнеркәсіптік кешен саласы көш бастап келеді

13.07.2023

246

0

Бүгінгі күнге «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 2601 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 3000 –ға жуық жұмыс орны құрылды.

Жалпы қаржыландырылған жобалардың 47 пайызын агроөнеркәсіптік кешен саласы құрады. Оның ішінде мал, егін, құс, балық, ара шаруашылықтары аса маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, қызмет көрсету саласы төрттен бір бөлігін құрады (26%). Аймақтарда ТЖО, монша, көлік жуу, балабақша тағы басқа да орталықтардың саны артты.

Өңірлік инвестициялық орталықтың дерегінше өнеркәсіп/өндіріс саласының үлесі 16 пайызды құрап отыр. Жыл сайын облыстағы өнім өндіру және қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруға және осы салада жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Сауда саласының үлесі 11 пайыз. 

Мемлекет өз кәсібін ашамын деген ынталы жандарға жәрдем беріп келеді. Айталық, жыл басынан бері «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 368 жобаға жеңілдетілген несие берілді. Мәселен Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде балабақша қаржыландырылды.

Кент кәсіпкері 2022 жылы 28 млн. тг. жеңілдетілген несие алған. Су жаңа балабақша 2022 жылы қыркүйек айында ел игілігіне берілді. Жаңадан бой көтерген нысан 140 бүлдіршінге лайықталған. Кәсіпкерді бұл қадамға итермелеген басты себеп — кенттегі жаңа жабдықтармен қамтамыз етілген балабақшаның тапшылығы болған. Қазірде балабақшада 30 -ға жуық тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, медбике, аспаздар мен техникалық мамандар жұмыс жасайды. Балабақша жұмсақ жиһаздармен, ойыншықтармен, соңғы үлгідегі мультимедиалық интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика