Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді және бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделген болатын.
Соған сәйкес, Арал ауданында қазіргі таңда балық шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлер тоған шаруашылығымен айналысуды бастады.
Солардың бірі жеке кәсіпкер Шалғынбай Алматбаев Қарақұм ауылдық округі, Ерімбетжаға елді мекеніндегі өздігінен төгіліп тұрған су ұңғымасынан су алып, 2021 жылдан тоған шаруашылығын құрып балық өсіруді бастаған болатын.
Тоғанның көлемі 10 мың шаршы метр болса, ақамур, дөңмаңдай, кәріп тұқымдас балықтарының шабақтарын салып, бүгінгі күнге 7-8 мың тоннаға жуық балық шабақтарын өсіріп жұмыстарын жалғастыруда.