Бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті.
Қоштасуға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыс әкімдері, Парламент депутаттары, басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып, қайраткердің жарқын бейнесі, елге сіңірген еңбегі ұмытылмайтынын айтты.