Жұма, 22 қараша, 18:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Манчестер Сити» тұңғыш рет Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды

11.06.2023

218

0

«Манчестер Сити» өз тарихында тұңғыш рет футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиада стадионында өткен кездесуде «Манчестер Сити» және «Интер» командалары шеберлік байқасты.

Ойын басынан ағылшын клубы тізгінді өз қолына алуға тырысты.

Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Оған бірінші кезеңде италиялық футболшылар лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңде «Манчестер Сити» басымдықты арттырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Родриго Эрнандес 68-минутта мергендік танытты.

Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Ағылшын клубы өз тарихында 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққан. Дегенмен, қарсыласына есе жіберіп, бас жүлдесіз қалды.

Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде «Манчестер Сити» А тобында Германияның «Боруссия Дортмунд» (2:1, 0:0), Испанияның «Севилья» (4:0, 3:1), Данияның «Копенгаген» (5:0, 0:0) командаларымен кездесті.

Одан кейін Германияның «Лейпциг» (7:0, 1:1),«Бавария» (3:0, 1:1), Испанияның «Реал Мадрид» (1:1, 4:0) командаларын қапы қалдырып кетті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика