Сейсенбі, 26 қараша, 23:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Заңсыз аң аулау, көлікті мас күйінде басқару секілді қылмыстық істерді алқа билер қарайды

04.01.2023

386

0

Елімізде 2024 жылдан бастап алқа билер соты бірқатар істерді қарайтын болады. Оның ішінде азаптау, мас күйінде көлік жүргізу және рейдерлік секілді қылмыстық істер де бар.

Мемлекет басшысы алқа билердің қатысуымен істерді қарау мәселелерін реттейтін заңға қол қойды. Осылайша алқа билер қарайтын қылмыстық істердің құрамы 45-ке жеткен. Бұл заң жобасын бұған дейін сенат депутаттары қарап, мақұлдаған еді. Ал Жоғарғы сот алқа билер төрелігіне ауыр және ауырлығы орташа қылмыстарды беруді ұсынды.

Олардың ішінде, адамның дене мүшелері мен тіндерін алуға мәжбүрлеу, азаптау, рейдерлік, екі және одан да көп кісінің өліміне әкеп соққан медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін лайықты орындамауы сияқты істер бар.

Сондай-ақ, алқа билер ауыр зардаптарға әкеп соққан балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру, заңсыз аң аулауға қатысты деректерді де қарайды. Әрі жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы бірнеше кісінің өмірін қиды деп айыпталушылардың ісі мен көлікті мас күйінде басқарған адамдар да алқа билерге жүгінеді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика