Сәрсенбі, 27 қараша, 01:39

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

13.12.2022

308

0

Бүгін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «ORDA» жоғары колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық жайлы түсіндірме жұмысын белсенді жүргізу мақсатында ұйымдастырылған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының заңгері Айсана Ерболатқызы және колледж студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Үкіметтің №358 Қаулысына сәйкес 2021 жылы үлгілік-базалық бағыт 4 жобасы құрылды. Жоба 4 бағытқа бөлінген: 
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;
— Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру;
— Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне комплаенс қызметтерін дамыту бойынша қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Шара барысында аталған мәселелер төңірегінде кеңінен сала мамандарымен талқыланып, студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шарада арнайы әзірленген видеороликтер көрсетілді. 

Шара соңында Жастар ресурстық орталығының директор орынбасары Ерлан Мырзалыұлы елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдардың қолға алынғанын айтып, қоғамда жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика