Сәрсенбі, 27 қараша, 01:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық полицейлер автокөлік жүргізушілерге 1 желтоқсаннан бастап қысқы резеңкеге өту талабын түсіндіруде

30.11.2022

312

0

Қылышын сүйретіп қыс келгенде автокөлік жүргізушілерінің қамданбай жүрудің соңы қайғы-қасіретке, апатқа алып келіп жатады. Оған тәртіп сақшыларының жылдар бойғы жұмыс тәжірибесі куә. Елімізде тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі көлігін қыс мезгіліне сай тиісті техникалық жағдайға келтірмеген кесірінен орын алатын көрінеді.

Осы орайда, 1 желтоқсанда Қазақстанда заңнамаға сәйкес жазғы резеңкесі бар автокөліктерге жүруге тыйым салынады. Осыған байланысты патрульдік полицейлер жүргізушілерге заңнаманың сақталуы туралы ескертеді.

Суық мезгілде ауа райының өзгеруі жағдайында патрульдік қызметкерлер осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударуда.

«Күшейтілген тәртіпте жұмыс істеген соңғы айдың өзінде патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 815-нан астам жүргізушіні, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 305 жүргізушіні жауапқа тартты. Сондай-ақ, 440 жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерлерде кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды», — деп атап өтті Қызылорда облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айбек Құлмағамбетов.

Аталған шаралардың барлығы жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған.

Жүргізушілердің назарына!

Қазақстан Республикасының Жол жүрісі Қағидалары мен Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламентінде қыс мезгілінде желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы дөңгелектермен немесе тиекті шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады делінген.

Көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.

1-ші желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590 бабының «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 5 бөлігіне сәйкес «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатындығын ескертеміз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика